Балабақша туралы ақпарат
Мектепке дейінгі ұйымның атауы: Шортанды ауданының білім беру бөлімінің жанындағы «Ақ бота» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны. Заңды тұлғаның мекен жайы: Шортанды кенті. Пионерский көшесі 5, телефон-факс: 2-26-58 ,detskisad2009 @mail.ru
сайт:https://ds0001.shortandy.akmoedu.kz Түрі: балабақша. Пайдаланылуға берілген жылдары: 1972/ 2000 ( мектепке дейінгі ұйым 2000 жылы Шортанды №1 орта мектебі негізінде жұмыс істеді, 2005 жылы өз алдына дербес ясли-бақша МКҚК болып қайта құрылды) Балалардың саны -77. Топтардың саны- 4, соның ішінде қазақ тіліндегі 2 топта -38 бала, орыс тіліндегі топтарда -39 бала. Оқыту тілі: қазақша, орысша. Жұмыс уақыты: сағат 8.00-18.30 дейін. Штат саны -28,85, соның ішінде- 11 педагог, соның ішінде жұмысты қоса атқарумен істейтін педагогтар саны-2, жоғары білімді - 8 педагог; мектепке дейінгі біліммен - 2; арнайы орта кәсіптік біліммен -3 педагог, соның ішінде мектепке дейінгі біліммен -2 педагог. Жоғары санатты - 1 тәрбиеші, I -ші санатты - 4 педагог (қазақ тілінің оқытушысы, тәрбиешілер, музыка жетекшісі), II-ші санатты – 3 тәрбиешілер. Тәрбие-оқыту процессі «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» негізінде жүзеге асырылады. Санитарлық, коррекциялық топтар-жоқ. МДҰ-ң материалды-техникалық базасы- қанағаттанарлық, жыл сайын жаңартылуда; Ғимарат 2 қабаттан тұрады, спорттық немесе музыкалық залы жоқ. Жалпы аумағы-623.9; пәтер жай-504.9; Жеке қазандықпен жылытылады,сумен қамтамасыз ету және канализация орталықтанған.
Мектепке дейінгі ұйымның Жарғысы Шортанды ауданы Әкімінің 2015 жылғы 03-тамыздағы А-7/192 қаулысымен бекітілді.
Заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігі № 47-1902-13-ГП 2015 жылы 26 қарашада берілді. Қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама №KZ 17RVK00012791 20.01.2017 жыл. Медициналық қызмет көрсетуге берілген лицензия 2013 ж. 09.01. №13000087. Мемлекеттік аттестация 2014 жылы өтілді.
МДҰ-ң жылдық қоры- 36 164,4т.; соның ішінде РБ-5776,4 т. МБ -30388 тенге. Ай сайынғы ата-аналар төлемі- 9 000 тт.
Басым бағытты қажет ететін проблемалар: 1. Тәрбиелеу мен оқыту үрдістері үшін балабақшаны интерактивтивті тақтамен жабдықтау;
2. Кенттің архитектуралық ансаблін жақсарту және инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында балабақшаның аумағының қоршауын жөндеу және ойын алаңдарына арналған жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша қаржы мәселесін шешу қажет;
3. Балалар мен ересектердің әр түрлі оқу қызметіндегі түрлі музыкалық-театрлық, денешынықтыру шараларын жүзеге асыруға жағдайлы ғимаратқа қосалқы музыка немесе спорттық залды салу мәселесін қарастыру қажет.
