Аутизм
02.04.2026
2 сәуір — Аутизм мәселесі туралы ақпарат таратуға арналған дүниежүзілік күн.
Бұл күннің мақсаты — қоғамның назарын аутизм спектрінің бұзылыстары бар адамдарға аудару, оларды қабылдау, қолдау және толыққанды өмір сүруіне жағдай жасау маңыздылығын еске салу.
Аутизм — бұл ауру емес, бұл дамудың ерекшелігі. Мұндай адамдар әлемді өзгеше қабылдайды, қарым-қатынас жасап, қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі де ерекше болады.
Осы күні әлем бойынша қолдау акциялары, танымдық іс-шаралар және флешмобтар өткізіледі. Бұл күннің белгісі — көк түс, ол түсіністік пен қолдаудың символы.
Әр адам ерекше екенін ұмытпайық. Бір-бірімізге мейірімді болып, түсіністікпен қарайық 💙
Просмотров: 3232